Әлемде түрлі қызық бар: Платформа мен пойыздың арасына аяғы қысылып қалған жолаушы қалай құтқарылды?
Әлемде түрлі қызық бар: Платформа мен пойыздың арасына аяғы қысылып қалған жолаушы қалай құтқарылды?
9 жыл бұрын 4432

Австарлияда пойыз бен платформа арасында аяғы қысылып қалған жігітті өзге жолаушылар электричканы сәл жантайтып, құтқарып қалды.
Бұл оқиға өткен жылдың тамыз айының бас кезінде Перт қаласында орын алған болатын. Бұл жайында ABC News Australia ақпарат көзі кезінде хабар таратқан еді.
Алғашқыда барлық жолаушыны вагонның қарама-қарсы жағына отырғызбақ болып, осылайша құтқармақ болған екен. Алайда, бұл әдіс көмектеспеген. Содан соң жолаушылар сыртқа шығарылып, қатар түзеп, пойызды ары итерген. Жігіттің жарақаты жеңіл, тек көгергені болмаса, сынықтан аман.

 

Балалардың жынысына қарай қандай түсті киім сатып алған қолайлы?

Республикалық «Жас Алаш» басылымының хабарлауынша соңғы 9-10 жылда ата-анасы немесе кiндiк шешесi жаңа туған ер балаға көк түстi, ал қыздарға қызғылт түстi киiм-кешек сатып алып жатады. Мұндай үрдiс ең алғаш рет 1940 жылы АҚШ-та пайда болған екен. Бұған дейiн ата-анасы нәрестенi перзентханадан шығарарда киiмдерiн шашының немесе көз қарашығының түсiне қарап сатып алған. Ал 1918 жылы балаларға арналған “Earnshows” журналында “қызғылт түс – ұл балалардiкi, қызғылт түске асықпай, мұқият қарасаңыз, ол – күштiлiктi бiлдiрiп тұрғандай. Қыздарға көк түстi заттар алу керек. Көк, көгiлдiр түс көзге нәзiк болып көрiнедi” деп жазған.

 

УАҚЫТ САТУ КӘСІБІНІҢ БОЛҒАНЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

Республикалық «Жас алаш» басылымының хабарлауынша Ұлыбританиялық Бельвильдер отбасы жүз жылдан берi уақыт сату кәсiбiмен айналысып келген. 1892 жылы ата-анасы қайтыс болған соң бұл кәсiптi қызы Рут Бельвиль қолына алады. Ол күнде таңертең Гринвич обсерваториясына келiп, хронографты салыстырады. Содан кейiн ғана әр клиентiнiң үйiне арнайы барып сағаттарына дәл уақытты қойып бередi.
1926 жылы уақыттың дәлдiгiн ВВС радиостанциясы бере бастады. Бұдан кейiн көптеген тапсырыс берушiлер Руттың бизнесiнен бас тартты. Алайда оған әбден сенiп алған кейбiр адамдар одан ажырағысы келмедi. Тек 1940 жылы ғана Рут өзiнiң бизнесiн кәрiлiктiң салдарынан тоқтатуға мәжбүр болған.

 

Роналду өз мүсінінің "шашын" cәндеуге стилист жалдады

Футбол жұлдызы Роналду мұражайда тұрған өз мүсінінің "шашын" әдемілеу үшін стилист жалдады. Мадридтегі балауыз мүсіндер мұражайында тұрған өз мүсінінің "шашын" күнделікті күтіп тұратын стилиске тапсырды. "Криштиану балауыз мүсінінің мінсіз әрі ойдағыдай болғанын қалайды",-дейді мұражайдың PR-менеджері Гонсало Преса.
Оның айтуынша, Роналду жансыз көшірмесінің шашынтарап, әдемілеу үшін шаштараз-стилисті айына бір рет мұражайға жіберіп отырады. Бір қызығы, мүсіннің шашы – бұл синтетикалық парик емес, Үндістаннан арнайы жөнелтілген адам шашы екен. 

 

Роналду Еурокубокта салынған голдары бойынша жаңа рекорд орнатты

Мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду 77-ші голды салып, Еурокубок ойындарында соғылған голдар саны бойынша жаңа рекорд орнатты.
Бұл голды ол сейсенбі күні Чемпиондар лигасының 1/8 финалында немістің "Шальке" командасымен өткен кездесуде салды.
Ойын Мадридте өткен болатын. Бұл көрсеткішімен ол бұған дейінгі рекорд иелері "Реалдың" бұрынғы ойыншысы Рауль мен "Барселонаның" даңқты шабуылшысы Лионель Мессиден озып кетті.

0 пікір
Мұрағат