Коменданттық сағаттың енгізілуіне байланысты тарауық намазы оқылмайтын болды
|
Кенияның Ламу аумағында сомалилік «Аш-Шабаб» тобы содырларының шабуылынан кейін коменданттық сағаттың енгізілуіне байланысты жергілікті мұсылмандар тарауық намазын оқудан қалды. Нақтырақ айтқанда, аталған топтың шабуылынан 7 адам қаза тапты. Олардың төртеуі полиция қызметкері. Коменданттық сағат кешкі 6:30-дан таңғы 6:30-ға дейін енгізілген болатын. «Бас инспектор қасиетті Рамазан айында мұсылмандардың діни жоралғыларын ескеруі керек»,- деді күйіне тіл қатқан Кениядағы мұсылмандардың жоғарғы кеңесінің төрағасы Әбдіғафур әл-Бусайди.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
ВИЗАСЫЗ ҚАЖЫЛЫҚ ЖАСАУҒА ҚАТЫСТЫ САУД АРАБИЯСЫ ҚАЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҰМРА МИНИСТРЛІГІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
■
Араб дәрігерлері туабітті соқыр нәрестенің көру қабілетін қалпына келтірді
■
Миллиардер өзінің цифрлы АІ сыңарынан сұхбат алды (видео)
■
Саудиялық студент Apple байқауының үш жеңімпазының бірі болды
■
Невропатолог ауырсынудың ең ауыр түрін атады