Сауд Арабиясы араб тілін зерттеуге арналған жаһандық жасанды зерде орталығын іске қосты
Сауд Арабиясы араб тілін зерттеуге арналған жаһандық жасанды зерде орталығын іске қосты
12 күн бұрын 396 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясында жасанды зерде көмегімен араб тілін зерттеуге бағытталған әлемдегі алғашқы халықаралық орталық ашылды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде негізінен еурропалық елдерде жарық көретін саудиялық Asharq Al-Awsat мерзімді басылымына жөн сілтеген Islamosfera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш орталық араб тілін жетілдіру бойынша автоматтандырылған қызметтер мен техникалық қолдау көрсетеді. Мақсаты араб тілін халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті ету үшін цифрлық саладағы мәртебесін нығайтуға саяды. Саудия астанасындағы монарх Салман атындағы ғаламдық араб тілі академиясы бжетекшілік ететін орталық AI басқаратын араб қолданбалары үшін мамандандырылған сараптама мен деректер инфрақұрылымын ұсына отырып, осы саладағы зерттеулер мен инновацияларды ынталандыруға басымдық бермек. Орталық бес негізгі зертханадан тұрады, олардың әрқайсысының өзіндік қызметі мен міндеті бар. Олар AI негізіндегі араб тілін жетілдіру бойынша техникалық және лингвистикалық кеңестер сияқты түрлі қызметтерді ұсынады. Сондай-ақ, кездесулер, курстар өткізеді және зерттеушілерге лицензия ұсынады. Араб тілін халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті ету үшін жаһандық лингвистикалық стандарттарды бегілейді әрі араб тілінің қолдану аясын замануи технолгоиямен ұштастыру мүмкіндіктері қарастырылады. Бұдан бөлек, араб тілін жетілдіру үшін, дәлірегі, автоматтандырудың стандаттары мен ережесін белгілеп, бектітеді және қолданысқа енгізеді.

Riyadh launches first global center for AI-powered Arabic language processing - Fast Company Middle East | The future of tech, business and innovation.

Дерек көзі: Krishna Prasad/Fast Company Middle East

Saudi Arabia launches world's first AI Arabic language center

 

 

0 пікір
Мұрағат