Британ ұйымы мұсылман балаларға қамқор болғысы келетіндерге кеңес береді
Британ ұйымы мұсылман балаларға қамқор болғысы келетіндерге кеңес береді
10 жыл бұрын 3160

Тамыз айында Ұлыбританияның Болтон қаласында мұсылман балаларға қамқор болғысы келетіндерге кеңес беретін желі ашылады. Аталмыш жобаның авторы Тай Жива жетімдерге қамқор болуды өсиет еткен ислам дінінің үкімдеріне байланысты осындай қадамға барғандарын тілге тиек етті. Ол мұсылман балаларына қамқор болған мұсылман емес ата-аналарға тек діни аспектілерге байланысты кеңес берілмейді, сонымен бірге, психологиялық көмек көрсетілетінін жеткізді. Қазіргі уақытта Ұлыбританияда 2,7 млн-ға жуық мұсылман өмір сүріп жатыр.

0 пікір
Мұрағат