Жақсылық жарнамасы пайғамбар жайлы баяндайды
Жақсылық жарнамасы пайғамбар жайлы баяндайды
9 жыл бұрын 3074

Мичиган штаты мұсылмандары ерекше жарнама кампаниясын іске қосты. Олар осы арқылы Ислам діні туралы тайыз түсініктерге тосқауыл қоюды көздеп отыр.

«Дін атын жамылған террористердің тірлігі, журналистердің қаза болуы, өзге де Исламға жат әрекеттер қоғам тарапынан сөз бен сенім бостандығы туралы пікірталасты өршітіп, мұсылмандар жайлы теріс пікір қалыптастырды. Біз бұл орайда мұсылман қауымы атынан өз пікірімізді білдіргіміз келеді» дейді Солтүстік Америка Ислам кеңістігінің президенті Нами Бейг.

Осы бастама негізінде Хьюстон тас жолы бойында әртүрлі билбордттар қойылып, онда тікелей желі нөмірлері ілінді. Бұл нөмірлер арқылы кез келген америкалық азамат Ислам діні жайлы, Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбар туралы мәлімет алуына болады.

«Мұхаммед кім? Сұрақтарыңыз бар ма? Жауабымыз әзір». Билборд тақтайшаларында осы мәндес мәтіндер жазылған. Келесі бір билбордта«Мұхаммед бейбітшілікке сүйенді, әлеуметтік теңдік пен әйел затының құқығын қорғады» деп жазылды.

Айта кетейік, осы тектес жақсылықтың жаршысы болған жарнамалар Атланта, Балтимор, Чикаго мен Лос-Анджелес қалаларында да іске асырылуда. 

ummet.kz-ақпарат

1 пікір
Мұрағат