Сүйіктісі үшін ҰБТ тапсырмақ болған жігіт мектепті “Алтын белгіге” бітірген (видео)
Сүйіктісі үшін ҰБТ тапсырмақ болған жігіт мектепті “Алтын белгіге” бітірген (видео)
9 жыл бұрын 5482

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданында сүйіктісінің орнына ұлттық бірыңғай тест тапсырмақ болған жігіттің мектепті «Алтын белгіге» бітіргені анықталды.

Бұл туралы Informburo.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Жетісайдағы №4 мектептің түлегі саналатын сүйіктісінің орнына қыз болып киініп, тест тапсырмақ болған жігіт Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданының тумасы, 20 жастағы Аян Жәрдемов  болып шықты. Ол Ақтөбедегі дарынды балаларға арналған мектепті «Алтын белгіге» бітірген.

Сонымен қатар, ол Алматыдағы Қазақ-Британ техникалық университетінің 3-ші курс студенті болуы мүмкін.

Аянның туыстары жас жігіттің бұл әрекеті туралы мүлде білмейтін болып шықты. Олар ұлдарымен 3-4 күн бұрын телефон арқылы сөйлескен. Ал кешелі бері Аян телефон қоңырауына жауап бермеген.

Ал қыз болып киініп, тест тапсырмақ болған Аян Жәрдемовке 400 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында сүйген қызы үшін тест тапсырмақ болған жігіттің әрекеті халық арасында үлкен шу тудырған еді.

0 пікір
Мұрағат