Израиль әл-Ақсаны қорғайтын ұйымды жауып тастады
Израиль әл-Ақсаны қорғайтын ұйымды жауып тастады
9 жыл бұрын 2484

Өткен аптада израилдік полиция Назарет қаласындағы әл-Ақсаны еврей экстермистерінен қорғайтын үкіметтік емес үш ұйымды жапқандарын мәлімдеді. Елдің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін агенттік өкілінің  айтуынша, аталған үш ұйымның кеңселеріне тінту жүргізіліп, компьютерлер мен құжаттарды алып кеткен. Сондай-ақ, осынау ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлердің біразын тұтқындап әкеткен. Әл-Ақсаны қорғаумен айналысатын әр ұйымның мақсаты бір болғанымен, көздеген мақсаттарына жету жолдары әр қилы болатын. Мәселен, «әл-Ақса чемпионы» мешіт ішіндегі жағдайды елге жеткізумен шұғылданса, «әл-Ақсаның мұсылман әйелдері» деп аталатын ұйым мешіттің аумағында әйелдерге діни ілім берумен айналысқан. 

0 пікір
Мұрағат