«Шариғат шәлісін шешу» күні неге сәтсіз аяқталды?
«Шариғат шәлісін шешу» күні неге сәтсіз аяқталды?
2 жыл бұрын 775

Мысырда либералды күштердің арандатуға бастайтын «Шариғат шәлісін шешудің халықаралық күні» тақырыбына қатысты пікірталас әлі толастар емес. Ислам үкіміне қайшы осынау бастаманы алдымен секулярист саясаткер Баһа Әнуар көтерген болатын. Оның бұл бастамасына билік тарапынан тыйым салынбаса да ешкім қолдау білдірмегендіктен «шариғат шәлісін шешу» күні сол күйі атаусыз қалды. Алайда, бұл тақырыптағы пікірталастың әлі толастамағанын айтып өтттік. Өзін шиитпін деп санайтын Баһа Әнуардың айтуынша, «басқа орамал тарту міндетті емес, бұл әйелдерді бақылауда ұстау үшін» пайда болған. Айта кетейік, сүннетті ұстанатын ғалымдардың арасында әйел адамның басына жаулық салып жүруіне қатысты қандай да бір пікір қайшылығы болған емес. Тағы бір айта кететін жайт: «Шариғат шәлісін шешудің халықаралық күніне» қарсы «Халықаралық шариғат шәлісі» күні соңғы жылдары әлемде аталып өтетін ауқымды шараға айналған болатын. Аталмыш шара әлемнің 116 елінде аталып өтеді екен. 

0 пікір