Терминал бизнесімен айналысу күнә ма?
Терминал бизнесімен айналысу күнә ма?
8 жыл бұрын 4184

Сұрақ №1: Ассаламуағалейкум! Сұрайын дегенім: төлем жасайтын терминал бизнесімен айналысайын деген едім. Яғни, телефонға, интернетке, кредит төлеуге және коммуналдық қызметке төлем қабылдайтын терминал. Әр адам төлем жасағанда «қызметін» ұстап қаламын. Орысша айтқанда: «комиссия процент с каждого проведенного платежа». Бұл процентке жатпай ма? Руслан. 

Сұрақ №2: Әссәләмуғалейкум! Дүкендерге төлем терминалдарын қойса, ол да жеңіл жолмен ақша табу бола ма? Айгүл

Уағалейкум әссалам уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Төлем терминалдары – қызмет көрсету құралы. Бизнестің ол түрімен айналысу күнәға жатпайды. Ондағы ұсталынатын «коммиссия» - қызмет ақысы болып табылады. Өсім емес. Бірақ, мұнда да кісі ақысын жемеу, алдамау, айлакерлікке бармау деген сияқты шариғат қағидаттарына аса мән берілуі тиіс. Және аталмыш қондырғылардың қызмет көрсету сапасының барынша жақсы болмағын қамтамасыз етуге тырысқан жақсы. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жеңілдетіңдер, ауырлатпаңдар», - деп бұйырған.  ("Сахих Бухари", №68 хадис).

Ал, әлдекім мойнындағы кредитін терминалыңыз арқылы өтеп жатса, оның сізге күнәсі жоқ деген ойдамын. Ең дұрысы – Аллаға мәлім! 

Абдусамат Қасым