Спирт зауытындағы бөшкелердің жарамдылығын анықтап беруім күнә ма?
Спирт зауытындағы бөшкелердің жарамдылығын анықтап беруім күнә ма?
10 жыл бұрын 4034 korrespondent.net

Мен түрлі металл заттарды зерттейтін лабораторияда жұмыс жасаймын. Біздер мұнайдың трубаларын т.б. заттардың жарамды-жарамсыздығын анықтаймыз. Ендігі жерде Тараз қаласындағы спирт зауытынан біздің мекемеге тапсырыс түсіп отыр. Тапсырыс бойынша, біз сондағы спирт сақталатын бөшкелер жарамды ма әлде жарамсыз ба соны зерттеп, анықтап, қорытынды дәйектеме беруіміз керек. Дәйектемеге менің аты-жөнім жазылатынын да айта кетейін. Сұрайын дегенім, аталмыш бөшкелерді тексеруім күнә ма? Спирт болғандықтан күнәсі маған да жазылмайды ма?Сәкен.

Құрметті Сәкен, арнайы бөшкелердің спирт сақтауға жарамды немесе жарамсыздығын тексеру – тікелей арақ-шараптың шығарылуына ат салысқандық болып есептелмегендіктен оның күнәсі жоқ. Бұнымен қатар, бөшкеде сақталатын спирт тек арақ-шарап шығару үшін ғана емес, медициналық препараттарға да арналған болуы мүмкін. Осы пікірімізге негіз бола алатын пәтуа Ханафи кітаптарында кездеседі[1].


[1] Ибн Ғабидин, Раддул Мухтар – Китабул Хазр уәл Ибаха, Бәбул Истибра. 9/562 бет. 

Абдусамат Қасым