Әссәламу'әләйкум! Сұрағым: Шошқа сойып, оны жіліктеп, одан шұжық жасайтын заводқа жұмысқа кіруге бола ма және оның табысы харам бола ма? Рахмет.
|
Шошқаның етінен шұжық жасайтын заводқа жұмысқа кіруге бола ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Бірыңғай шошқаның етін сататын, шошқаның етінен шұжық жасайтын зауыдта жұмыс істеу көпшілік дін ғалымдары бойынша күнә болып табылады. Ол да ішімдік шығаратын зауыдқа жұмысқа тұрғанмен тең. Өйткені мұнда «күнәға атсалысу бар» дейді дін мамандары. Құранда: «Күнәда және дұшпандықта бір-бірлеріңе жәрдемші болмаңдар» деп бұйырған. («Мәида» сүресі, 2 аят).
Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Өзекті сұрақтар
■
Қаза оразаларды ұстау үшін арнайы күн керек пе, әлде кез-келген күні ұстай беруге бола ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?