Шашты сатуға шариғат қалай қарайды?
Шашты сатуға шариғат қалай қарайды?
9 жыл бұрын 10635

Әссәләмуғалейкум! Әйел адамға шашын қиып сатуға бола ма? Г.

Уағалейкум әссәләм! Құрметті сауал қоюшы, Ислам дінінде адамның орны өзге жаратылыстардан биік. Әрі ол үлкен құрметке ие. Адамның өлі денесінің өзі қадірлі. Адамның ешбір ағзасын сатуға немесе пайдалануға рұқсат етілмеген[1]

Сондықтан да, Ислам дінінде адамның шашын сатуға болмайды. Бұл жайында төрт мәзхаб ғұламалары арасында талас жоқ. Олардың пайымдауынша, адамның шашын сатуға және оны пайдалануға болмайды. Өйткені, адам – қадірлі жаратылыс. Оның қандай да бір ағзасын қорлауға жол жоқ. Ал, шашты сату - адам ағзасын қорлау деген сөз[2]. 


[1] Осы тұрғыда «Донор болудың үкімі қандай?»  деген сауал келуі мүмкін. Бұл жайында толық мына сілтемеден оқи аласыз: http://islam.kz/kk/questions/meditsina/transplantatsiya-donor-boludyn-sharigattagy-ukimi-qandai-44/#gsc.tab=0 
[2] Ибн Һүмәм, «Фатхул Қадир»: Китабул Байъил Фәсид.  

Абдусамат Қасым