Әссәләмуғалейкум! Әйел адамға шашын қиып сатуға бола ма? Г.
Шашты сатуға шариғат қалай қарайды?
|
Уағалейкум әссәләм! Құрметті сауал қоюшы, Ислам дінінде адамның орны өзге жаратылыстардан биік. Әрі ол үлкен құрметке ие. Адамның өлі денесінің өзі қадірлі. Адамның ешбір ағзасын сатуға немесе пайдалануға рұқсат етілмеген[1].
Сондықтан да, Ислам дінінде адамның шашын сатуға болмайды. Бұл жайында төрт мәзхаб ғұламалары арасында талас жоқ. Олардың пайымдауынша, адамның шашын сатуға және оны пайдалануға болмайды. Өйткені, адам – қадірлі жаратылыс. Оның қандай да бір ағзасын қорлауға жол жоқ. Ал, шашты сату - адам ағзасын қорлау деген сөз[2].
[1] Осы тұрғыда «Донор болудың үкімі қандай?» деген сауал келуі мүмкін. Бұл жайында толық мына сілтемеден оқи аласыз: http://islam.kz/kk/questions/meditsina/transplantatsiya-donor-boludyn-sharigattagy-ukimi-qandai-44/#gsc.tab=0
[2] Ибн Һүмәм, «Фатхул Қадир»: Китабул Байъил Фәсид.