Ұтыс ойыннан түскен ақшаны өзіне қолдануға бола ма? Болмаса, не істеу керек?
Құмар ойынынан ұтқан ақшаны не істеу керек?
|
Құмар ойнау шариғатта ауыр күнәлар қатарынан саналады. Құмар ойынынан тапқан ақша – харам ақша үкімінде.
Сондықтан да, құмар ойнаған адам енді ондай харам іске бармауға бекініп, тәубеге келуі ләзім.
Ал, одан түскен харам ақшаны өзіне және отбасына пайдаланбай, мұқтаж адамдарға, не болмаса, қоғам игілігіне жұмсап құтылуы керек. Мәселен, осы секілді харам ақшаларды не істеуге болады дегенге қатысты белгілі Ислам ғалымы Юсуф әл-Қардауи былай деген:
«Бұл мәселеде дұрысы – осы және осыған ұқсас харам жолдардан келген пайдаларды қайырымдылыққа жұмсау керек. Мысалы, кедейлерге, міскіндерге, жетімдерге, жолда қалғандарға, Ислам дағуатының жайылуына, мешіт тұрғызуға, Ислам орталықтарының тұрғызылуына, зерек Ислам дағуатшыларын дайындауға, Ислами кітаптарды басып шығаруға т.б. иігілік түрлері мен қайырымдылық жолдарына жұмсау керек»[1].
[1] Доктор Юсуф әл-Қардауи: Фәтәуа Муъасыйра.