Ассаламуалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Мұсылман адамның басқа дін өкілдеріне шошқа етін сатуына бола ма? Медет.
Мұсылман адамның басқа дін өкіліне шошқаның етін сатуына бола ма?
|
Әлхамдулиллә. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ!
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Мұсылман адамның діні бөтен адамға болса да, доңыз етін сатуына болмайды. Бұған байланысты Алла елшісінің (с.а.у.) ашық тыйымы бар. Ол (с.а.у.) былай деген:
إنَّ اللهَ ورَسولَه حَرَّمَ بَيعَ الخَمرِ والمَيْتةِ، والخِنزيرِ والأصنامِ
«Шынында Алла Тағала шарапты сатуды, өлексе малды сатуды, доңызды сатуды және пұттарды сатуды харам етті». («Сахих Бұхари»).
Сондай-ақ, шариғат қағидасы бойынша дінде харам болып саналатын заттарды сату «батыл сауда» үкімін тудырып, сауда келісімі мүлдем жүзеге асқан болып есептелмейді.