Жұмыс орнындағы электр қуатымен телефонды зарядтау – біреудің мүлкіне қол сұғу емес пе?
Жұмыс орнындағы электр қуатымен телефонды зарядтау – біреудің мүлкіне қол сұғу емес пе?
9 жыл бұрын 10525

Әссәләмуғалейкум! Қояр сұрағым мынадай: жұмыс істеп жүрген жеріміздегі электр қуатын ұялы телефонды зарядтауға немесе өзге электронды құрылғыларды зарядтауға рұқсат па? Менімше, бұл – біреудің жеке мүлкіне қол сұғу болып табылатын сияқты. Алла риза болсын. Аноним.

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, Имам Тирмизидің хадистер жинағында келтірілген риуаятта, бір кісі Мұхаммед пайғамбардан (саллалЛаһу ғалейһис сәләм) ағаш бұтағында салбырап тұрған жеміс жайында сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Үзіп алып жесе, мұқтаж адамға күнә емес. Бірақ, (ол жемістерден) киімінің ішіне салып алмасын», - деп жауап берген екен[1].   

Осыған орай, жұмыс, мешіт немесе халыққа қызмет ету мекемелері сияқты қоғамдық орындардың халық еркін кіріп-шығатын жерлерінде орналасқан розеткаларды телефон, планшет, ноутбук сияқты гаджеттерді зарядтау үшін қолдану күнә емес. Өйткені, ондай жерлердегі розеткалар көбіне көпшіліктің қолданысы үшін орнатылып жатады.

Ал, әлдебіреудің жеке кабинетінде немесе біреудің үйінде рұқсат сұраған жақсы.


[1] Тирмизи - №1306 хадис.

Абдусамат Қасым