Жұма азаны айтылып жатқан тұста сауда-саттықпен айналысудың үкімі қандай?
Жұма азаны айтылып жатқан тұста сауда-саттықпен айналысудың үкімі қандай?
7 жыл бұрын 6060

Жұма азаны айтылып жатқан тұста сауда-саттықпен айналысудың үкімі қандай?

Үкімі – харамға жақын мәкруһ. Жұма күні намазға азан айтылғанда саудагерлер саудасын доғарып, мешітке намазға барулары керек. Бұл – өзге қызмет саласында істейтін мұсылмандарға да қатысы бар. Құран Кәрімде: «Ей, мүминдер! Жұма күнi жұма намазына азан шақырылғанда Алланы еске алуға (намазға) асығыңдар да, сауданы тоқтата тұрыңдар. Біле-білсеңдер, сендер үшін осы жақсы», - делінген. («Жұма» сүресi, 9-аят).

Алайда, әйел адамға, жолаушыға, балиғатқа толмаған балаға, сырқат кісіге, зағип адамға, екі аяғы жоқ мүгедекке, әлдебір залымның зұлымдығына ұшыраудан қауіптенген адамға, түрмедегілерге жұма намазы парыз емес. (Шүрунбүләли. Имдәд). Сол себепті бұл категорияға кіретіндерге жұма намазы уақытында сауда саттықпен айналысулары немесе өзге де шаруамен мәшғұл болулары күнә емес. 

Абдусамат Қасым