Жаңа жылға орай ШЫРША мен ФЕЙЕРВЕРКТЕР сатуға бола ма?
Жаңа жылға орай ШЫРША мен ФЕЙЕРВЕРКТЕР сатуға бола ма?
1 жыл бұрын 4449

Сәлеметсіздер ме! Жаңа жылға арнап шырша сатуға бола ма?

Әссәләмуғалайкум! «От шашу» сатуға бола ма?

Әлхамдулиллә. Уассаләту уәссәләму аля Расулиллә. Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ханафи мәзхабының фиқһи ережелері бойынша «шырша» ағашы мен «отшашулар» сатылуға жарамды заттар қатарынан саналады, яғни, "әлмәлульмүтәқәюм". Сондықтан да, шырша мен отшашуларды сатқан адамның саудасы «дұрыс сауда» үкімінде. Алайда, жаңа жыл тойлау үшін сатылатындықтан «мәкруһ сауда» болады. Аллаһу аъләм!

Мәкруһ сауда дегеніміз не?

Мәкруһ сауда дегеніміз, сауданың рүкні жөнінен де, сипат жөнінен де шариғатқа сай, алайда жанама бір тыйымның салдарынан сауда «мәкруһ сауда» үкімін алған сауда. Мысалы, жұманың азаны айтылып жатқанда жасалатын сауда немесе өзгенің келісіп қойған саудасын бұзу, т.б. мәкруһ сауда түріне мысал бола алады1.

Абдусамат Қасым, Исламтанушы.


1Ханафи мәзхабында саудалар: сахих, батыл, фәсид, мәкруһ және мәуқуф болып бөлінеді.