Әссәләмуғалейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Ішімдік, темекі сататын дүкеннен азық-түлік алуға бола ма? Абдурашид
Ішімдік пен темекі сататын дүкеннен азық-түлік алу күнә ма?
|
Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Құрметті Абдурашид, фиқһ ғылымында «ъумумуль бәлуә» деген қағида бар. Ол қағида бойынша, бойды аулақ ұстау қиынға соғатындай дәрежеде қандайда бір мәселе қоғамда кең етек алған жағдайда, мұсылмандарға белгілі бір деңгейде кеңшілік танылады.
Бүгінде арақ-шарап пен темекі сатпайтын азық-түлік дүкендері жоқтың қасы. "Ондай дүкендерден керекті азық-түлік алуға болмайды" десек, дін жолындағы мұсылман қауымын қиын жағдайға қалдырарымыз анық. Сондықтан да, аталмыш дүкендерден адал саналатын әр алуан тамақ өнімдерін алудың ешқандай күнәсі жоқ. Оның үстіне, арақ-шарапты саудалайтын саудагерден өзге адал заттарды да алмасын деген қағида жоқ дінде. Ал енді, абзалы қайсы десеңіз, табылып жатса, мүлдем харам заттарды саудаламайтын дүкендерден алғанға не жетсін.