Ассаламуғалейкум! Сұрайын дегенім, есектің терісін сатуға бола ма? Ескетің терісінен дәрі жасау технологиясы бар екен.
Есектің терісін сатуға бола ма? Одан дәрі-дәрмек жасауға бола ма?
|

Бисммилләһ, уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ!
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Еті арам хайуандардың терісі иленіп, өңделгеннен кейін тазарады. Иленгеннен соң ғана ол теріні сатуға да, өзге де бұйымдарды істеуге болады. Алайда жеуге болмайды1. Есектің еті де солай. Есектің еті арам, сәйкесінше терісін сататын адам, өңдеп барып сата алады, бірақ өңделген болса да есектің терісін ішетін дәрі-дәрмекке қолданылмайды (сыртқы қолданыстағы жақпа дәріге қолдануға болады).
Осы орайда, мына нәрсені айтпай кетуге болмайды: шариғатта «инқиләбуль айн» деген термин бар, бұл дегеніміз әлдебір харам зат өзінің табиғатын (болмысын) түбегейлі өзгертіп, басқа затқа айналуы. Бұл жағдайда заттың харам үкімі де, өзгермек. Шараптың сірке суына айналуы осыған мысал бола алады. Сәйкесінше, есектің терісінен ішетін дәрі жасау процесі кезінде тері тек сипатын ғана емес, түбегейлі болмысын өзгертіп, басқа затқа айналған болса, оны дәріге қолдануға болады, өйткені ол кезде ол тері емес, басқа зат үкімінде. Ал тек түрі өзгеріп, ал құрамы сол күйінше қалса, оның үкімі өзгермейді, мысалы, доңыздың терісінен жасалған желатиндер секілді.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
1Имам Зәйләъи: «Тәбиинуль Хақаиқ Шәрху Кәнзуд Дақаиқ». Китәбуль Бәйъ.