Дүкенімді азық-түлікпен қоса арақ-шарап сататын кісіге арендаға берсем бола ма?
Дүкенімді азық-түлікпен қоса арақ-шарап сататын кісіге арендаға берсем бола ма?
1 ай бұрын 1858

Әссәләмуғалейкум! Менде дүкен бар еді. Соны арендаға берсем деп едім. Бірақ, арендаға алатын адам арақ және темекі де сататын болады. Арендаға берсем бола ма? Рахмет! Нұрболат.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Азық-түлік дүкеніндегі тауардың көбі халал заттар екендігі мәлім. Арасында арақ-шарап немесе темекі секілді дінімізде харам саналатын заттардың орын алуы жалға беруге кедергі емес дейтін дін мамандары бар. Өйткені, жалға беру келісімі дүкенді азық-түлік сататын орынға беру үшін жасалып отыр. Жалға алушы кісінің халал заттармен қоса, харам заттарды да сатуының күнәсі сізге болмайды. Одан алған жалдау ақысы да адал. Бұл – Имам Ағзам Әбу Ханифаның тұжырымына сай.

Ал, бірыңғай арақ-шарап секілді харам заттар сататын орынға жалға беруге болмайды, мұны көпшілік Ислам ғұламалары харам санаған. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым