Біреуге кредит алып берсем және кредитті ол өзі төлесе, күнә бола ма?
Біреуге кредит алып берсем және кредитті ол өзі төлесе, күнә бола ма?
|
Құрметті сауал жолдаушы, банктен кредит алу өсім болғандықтан, дінімізде тыйым салынған. Қасиетті Құранда: «Алла Тағала сауданы адал, ал өсімді харам етті» - делінеді. «Харам етті» дегені, «тыйым салды» дегенді білдіреді. Тек аса зәру жағдайларда ғана, басқа алатын жер болмаса, кредитке жүгінуге рұқсат етілген. Мысалы, ота жасату керек болып, оған қажетті қаражат табылмаса, зәрулік себепті банктен кредит алуға рұқсат т.б.
Біреуге кредит алып берсе де күнә бола ма? - дегенге байланысты бүгінде дін ғалымдары бір ауыздан: «алынған кредитті өзге біреу төлесе де алуға болмайды, себебі «өсімге қарыз алу күнә ісі» жүзеге асып отыр, ал оны үшінші бір адамның өтеуі онысын өсім болудан шығармайды» дейді.
Сондықтан да, кредитті басқасы төлесе де, біреуге кредит алып беру күнә болмақ.
Кредит неге харам?
Себебі, кредит, дәлірек айтқанда процентке қарыз беру - кісіні қанау, кісі ақысын жеу және біреудің мұң-мұқтаждығы есебінен баю болып саналады. Өсімге қарыз беру және кредиттің дінімізде харам болуының бір мәні осы. Ислам түсінігінде қарыз табыс көзі болмауы тиіс. Қарыз - жәрдем, өзгенің мұң-мұқтажын кетіру болу керек. Сонда оған еселеп сауап жазылады.