Ассаляму алайкум! Алкомаркеттен сок алуға болады ма? Азамат.
|
Арақ-шарап сататын «алкомаркеттен» зат сатып алуға бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Алкомаркет дегеніміз, арнайы алкогольді ішімдіктер сатумен айналысатын сауда орны. Ішімдіктер сататын орыннан адал затты алудың күнәсі жоқ, дегенмен, негізгі айналысатын сауда түрі ішімдік болып табылатын «шарап дүкендерінен» зат алмаған абзал. Әсіресе, айналада азық-түлік дүкендерінен аяқ ала алмайтын біздегідей қоғамда, арнайы алкомаркеттен барып азық алу мүмін-мұсылманға сай емес тірлік. Осы тұрғыда негізгі сататын заттары адал заттардан тұратын азық-түлік дүкендері мен супермаркеттерден зат сатып алуға болады. Аллаһу аъләм.
Өзекті сұрақтар
■
Неге Құранда қанды нәжіс деп атаған?
■
«Күйеуімнің бұрынғы отбасынан болған ересек баласы үйге келгенде хижаб киюім керек пе?»
■
Жұма күні неге екі рет азан шақырылады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Алматы – жер жәннәты» деп айту күпірлік пе?