Ассаламу алайкум! Менің сұрағым жайра кеміргіштер отрядының бір тұқымдасы. Осы жануардың етін жеуге бола ма? Нұрперзент.
|
Жайраның (дикобраз) еті адал ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим, уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Жайра, яғни, дикобраз аңы кірпінің бір түрі болып есептеледі. Ханафи мәзхабында кірпінің еті харам. Сахаба Әбу Һурайрадан жеткен хадисте, ардақты сахаба Абдулли ибн Омардың кірпіні адал дегеніне қарап: «Алла елшісі (с.а.у.) кірпіні жиіркенішті деген еді» - дейді. Сонда Абдулла ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі (с.а.у.) солай деген болса, солай» дейді1. Жайра кірпінің үлкені болып есептелетіндіктен, оның да етін харам деуге негіз бар. Оның шөп жеп, тамыр кеміретініне қарап, етін жеуге болады дейтін өзге мәзхаб ғалымдары бар, алайда өсімдік жейтін аңның бәрі адал деген де қағида жоқ, еті желінбейтін кеміргіштер де баршылық, мысалы тышқан, тиін т.б.
1 Әбу Дәуід: «Сүнән».
Өзекті сұрақтар
■
Неге Құранда қанды нәжіс деп атаған?
■
«Күйеуімнің бұрынғы отбасынан болған ересек баласы үйге келгенде хижаб киюім керек пе?»
■
Жұма күні неге екі рет азан шақырылады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Алматы – жер жәннәты» деп айту күпірлік пе?