Ағам сұлы егіп, сатады, ал сатып алған мекеме оны сыра зауытына өткізеді. Сұлы еккен ағама күнә жазыла ма?
Ағам сұлы егіп, сатады, ал сатып алған мекеме оны сыра зауытына өткізеді. Сұлы еккен ағама күнә жазыла ма?
3 жыл бұрын 3605

Ассәләмуғалейкум! Сұрақ: Менің жақсы ағам, үлкен жеке ауыл шаруашылық ісіміне айналсады, сұлы егіп оны шетелдік компанияға өткізеді. Сұлыны сатып алған мекеме өңдіріп, солод шығарады және оны сыра шығаратын зауыттарға өткізеді. Үкімі не болмақ? Күнәсі ағама жазыла ма? С.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Сұлы – дәнді дақылдардың бірі, адал зат. Оны егіп, саудасымен айналысуы күнә емес. Ал, сыра зауытына жолдануына қатысты айтқанда, Имам Ағзам Әбу Ханифадан (оны Алла рахымына алсын) жеткен бір деректе, Имам Ағзам Әбу Ханифа жүзімді шарап істеушілерге сатуды күнә санамаған. Өйткені, жүзімнің өзі адал зат, оның үстіне, жүзім мен шербетте тікелей харам іс тудырар сипат жоқ. Яғни, жүзімді жеп, шербетті ішкен адам мас болмайды. Сондықтан да, ол екеуін сату күнә емес. Күнә - ол екеуін өзгертіп, шарап жасаған адамға болмақ, деген.

Сондықтан да, сұлыны егіп, оны сатумен айналысудың күнәсі жоқ, ал оны әлдекімдер сатып алып, өңдеп, сыра зауыттарына өткізіп жатса, оған ағаңыздың қатысы жоқ, күнә одан сыра жасаушыларға болады. Ең дұрысы -  Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым