Ассаламуалейкум! Мен өзім сауда жасаймын, үй жайым бар Аллаға шүкір, саудамдағы айналымдағы ақшам бес миллион шамасында. Қарындасым мен күйеу балам екеуі де жұмыс істейді, бырақ баспаналары жоқ. Үй алсақ деп ақша жинап жатқан көрінеді. Енді сұрақ, мен сол күйеу балама зекет берсем болама? Табыстары ішіп жеулеріне жеткенімен баспана алуға жетпейді.
Зекет ақшамды күйеубалама берсем бола ма?
|

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Егер күйеу балаңыз кедейлер санатынан болса (сауалыңызға қарағанда сондай сияқты), оған зекет ақшаңызды беруіңізге болады. Бастысы – зекет ақшасын берер кезде «зекет» ниетімен беру керек, өйткені зекетте ниет маңызды, ал оның зекет ақшасы екендігін алушыға айту шарт емес.
Күйеубалаға зекет беруге болады дегенге кітаптарда мынадай үкім айтылады:
«Зекетті – әкесінің әйеліне және баласының әйеліне, сондай-ақ, қызының күйеуіне (егер олар кедейлер санатында болса) беруге болады»[1].
Алла қабыл етсін!
[1] Ибн Ғабидин: Роддуль Мұхтәр. 3\293.
Көп оқылғандар

■
Балаға «Ясин» деп ат қоюға бола ма?

■
«Рассрочканы кейбір ұстаздар болады дейді, кейбір ұстаздар болмайды дейді. Қайсысы дұрыс?»

■
"Аттахият" пен "салауатты" оқып үлгермей жатып имам сәлем берсе, не істеу керек?

■
Пайғамбарымыз (с.а.у.) ниқаб тағып, паранжа киюді міндеттеген бе еді?

■
Доңыз етінен жасалған шұжықты кескен пышақты қайта қолдануға бола ма?