Орған шөптің зекеті бар ма?
Орған шөптің зекеті бар ма?
2 жыл бұрын 3124

Ассаламуғалейкүм! Біздер жаз мезгілінде шөп шауып, шөп сатамыз, сол шөпке зекет барма екен? Мейірхан.

Бисмилләһир рахманир рахим

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Жалпы айтқанда еңбегін салып, өнім алу мақсатында өсірілген жер өнімдерінен үшір зекеті берілу керек. Ал табиғатта өздігінен өсіп-өнген ағаш, қамыс, шөп сияқты өсімдіктерден зекет берілмейді.

Сіздердің жағдайда, шабындықтан шауып алған шөптерге зекет берілмейді, бірақ оны сатқандағы табыстан зекет беріледі. Дәлірек айтқанда, егер шөптен түскен табыс жиналып, нисаб мөлшеріне жетсе, арадан бір жыл өткеннен соң, оның 2,5 пайызын зекет ретінде мұқтаж адамға беру керек. Немесе өзге зекеті берілетін жиналған ақшаныз болса, не болмаса, сауда тауарларыңыз болса, олардың зекетін есептейтін кезде, шөптен түскен табыстың артылғанын да қосып, бірге есептеп, бәрінің қосындысынан 2,5 пайыз зекеті беріледі.

Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым