Мал соярда «бисмилләның» орнына «Аллаһу әкбар» десе, ол малдың еті адал ма?
Мал соярда «бисмилләның» орнына «Аллаһу әкбар» десе, ол малдың еті адал ма?
7 жыл бұрын 8630

Әссәләмуғалейкум! Малды сойған кезде «бисмилләһ» деп емес, «Аллаһу әкбар» деп бауыздаса, үкімі қалай? Жеуге бола ма? Қайрат Маратұлы 

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Мал соятын кісі малды құбылаға қарата жатқызып, дәл бауыздар сәтінде: «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» дейді[1]. («Бисмиллаһир рахманир рахим» деп айтуға да рұқсат).

Ал, енді бисмилләсіз құр ғана «Аллаһу әкбар» деудің үкіміне қатысты Ханафи ғұламалары былай деген: «Бисмилләның орнына «әлхамдулиллаһ» немесе «субханаллаһ» яки «Аллаһу әкбар» десе және оны Алланың атын атап сою мақсатында айтқан болса, жарайды. Ал, мысалы, түшкіргені себепті айтылған «әлхамду», бисмилланың орнына жүрмейді (өйткені, айтылу мақсаты басқа)»[2].


[1] Сахаба Абдулла ибн Омар былай деген: «Ол (Пайғамбар) мал соятын кезде құбылаға қаратуды ұнамды көретін». Имам Байһақи: әс-Сүнәнуль Кубра - №18591.Құбылаға қаратпау - мәкруһ.
[2] Имам Сәрәхси: әл-Мәбсут - «Китабуз забаих». 12 том.

Абдусамат Қасым