Сəлеметсіз бе! Сұрайын дегенім: Кредит алып қажылыққа барса бола ма? Қажылығы қабыл ма? Балхия.
Кредит алып қажылыққа барса бола ма?
|

Сәлеметсіз бе, Балхия! Қажылық - тек шамасы келетін мұсылманға парыз. Құранда: «مَنِ اسْتَطَاعَ إِلَيْهِ سَبِيلاً – Оған баруға шамасы келетінге...», - делінген[1]. Қарызданып-қауғаланып қажылық парызын өте деп шариғат бұйырмайды. Оның үстіне кредитке ақша алу да діннің тыйған нәрсесі. Қажылық харам жолмен орындалмайды. Орындалған жағдайда қажылық жасау парызынан құтылған болып есептелгенімен, ол үшін берілетін сауаптан мақрұм қалады, әрі онысы Алла тағала алдында қабыл етілмейді дейді ғалымдар. Өйткені, Пайғамбарымыз айтпақшы, «Күмәнсіз Алла – жақсы. Ол тек жақсыны қабыл етеді»[2].
[1] Али Имран – 97.
[2] Сахих Муслим – Китабуз закат. Бәбу Қубули ассадақа.
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар

■
Сапарда ораза ұстап, артынан ауыз ашып жіберсе, қалай болады?

■
Умра қажылығында тауаф жасап жүріп дәрет бұзылса, не істейді?

■
Пітір садақасын киім түрінде берсе бола ма?

■
Күйеуім «талақ, талақ» деп айтса, онысы талақ болып санала ма, «мен сені талақ еттім» демеді?

■
Оразада сағыз шайнаса, оразасы бұзыла ма?