Ассалаума алейкум! Құрбан шалған қошқардың қанын байқамай, білмей даладағы дәретханаға төгіп жібердім, енді өкініп отырмын.
|
Сойған малдың қанын әжетханаға байқамай төгіп тастадым, енді не болады?
|
Уағалейкумуссәләм!
Малдың қанын даладағы әжетханаға төгудің күнәсі жоқ. Өйткені қан да нәжіс. Нәжісті нәжіске тастаудың ағаттығы жоқ. Десе де, келесіде әжетханаға төккеннен гөрі, жерге көміп тастаған абзал. Осы тұрғыда айта кетелік, өлген малды немесе өлген ит, мысықты айдалаға апарып тастап жататын кездер болады. Ол сасып, исі жер-көкті алып кетеді. Бұл адамдарға қолайсыздық тудырары анық. Сондықтан да, өлексені қоқысқа тастай салмай жерге көміп тастаған дұрыс. Ол біріншіден - тазалық, екіншіден - түрлі жұқпалы аурулардың таралуының алдын алады, әрідесе, сасып адамдардың мазасын қашырмайды.
Өзекті сұрақтар
■
«Мазок» алдыру ғұсылды бұза ма?
■
Зекетті «кедей» деп берген адам бай немесе алаяқ болып шықса, қайта беру керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
КІМДЕРДІҢ ЖАНАЗАСЫ ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?