Бір отбасыға бір ірі қараны құрбандыққа шалсам бола ма?
Бір отбасыға бір ірі қараны құрбандыққа шалсам бола ма?
10 жыл бұрын 4167

Әссәләмуғалейкум! Бір ірі қараны (сиыр) құрбандық ретінде өзімнің, жұбайымның, ұлымның, келінімнің және немерелерімнің (4 жасар, 2 жасар) атынан шалсам дұрыс па? Жетінші адам ретінде мархум әжемді қоссам бола ма? Болат Сүлейменұлы.

Уағалейкумсалам! Құрметті Болат, жұбайыңыз бен ұлыңыз және келініңіз рұқсат етсе, олардың атынан және немерелеріңіздің атынан бір ірі қараны құрбандыққа шалсаңыз болады[1]. Және сауабына марқұм болған әжеңізді ортақ етуіңізге рұқсат.   

Осы тұрғыда мынаны да айта кетелік: бір отбасыдағы кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс және де нисаб мөлшеріне жететін артық дүниесі бар[2] ұл-қыздары мен нисаб мөлшеріне жететін артық дүниесі бар зайыбы да[3] өз алдына құрбан шалуға шариғат бойынша міндеттеледі (уәжіп). Олар үшін отағасы құрбан шалуға міндетті емес.  

Және балиғатқа толмаған жас балдары үшін де әкесі құрбан шалуға міндеттелмейді. Бірақ жас балалары атынан қосымша құрбан шалып жатса, сауапты болмақ.

[1] Фатауа әл-Һиндия – 5/373 бет. (әл-Адхия)
[2] Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болу. Нисап мөлшері – 85 грамм алтын немесе осы құнға тең келетін артық мүлікке ие болу
[3] Қосымша мәліметті мына сілтемеден көріңіз: http://islam.kz/kk/questions/qulshylyq/qurban/bir-otbasyga-bir-qurbandyq-jete-me-201/  

Абдусамат Қасым