Ауылға ақшасын беріп жіберіп, құрбанды ауылда шалдыртсам санала ма?
Ауылға ақшасын беріп жіберіп, құрбанды ауылда шалдыртсам санала ма?
5 жыл бұрын 4992

Ауылға ақшасын беріп жіберіп, ауылда құрбан шалдыртсам, құрбан санала ма, әлде өзі тұратын жерде шалу керек пе?

Әркім өзі тұратын елді-мекенде құрбан шалуы шарт емес. Қаласа ақшасын өзге қалаға (не ауылға) салып жіберіп, сол жақта өз атынан шалдыртуына болады. Құрбаны саналады.

Осы тұрғыда, құрбан шаларда өкілеттілік берушінің тұратын жерін емес, құрбан шалынатын жердің уақытын негізге алу керек. Егер, құрбан шалынатын ауыл айт пен жұма оқылмайтындай шағын ауыл болса, айттың бірінші күні таң намазы кірісімен шалына береді. Ал, қала немесе қала үкіміндегі үлкен ауыл болса, жергілікті мешітте айт намазы оқылып болғаннан кейін шалынады.

«Фәтәуә әл-Һиндияда» былай делінген:

«Адамның өзі бір қалада, ал отбасысы басқа бір қалада болып, ол отбасына оның атынан құрбан шалуларын айтып хат жолдаса, құрбан шалатын жер негізге алынады. Яғни, құрбан оның атынан құрбан шалынатын қаладағы имам айт намазын аяқтағаннан кейін шалынуы керек»[1].


[1] Фәтәуә әл-Һиндия: 5/366 бет.

Абдусамат Қасым