Түс көріп ғұсылы бұзылса, ораза бұзыла ма?
Түс көріп ғұсылы бұзылса, ораза бұзыла ма?
8 жыл бұрын 61741

Əссəляму əлейкум! Ораза кабыл болсын. Түс көріп, жүніп болған жағдайда (ғұсылы бұзылған жағдайда) ораза бұзыла ма?

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһ уә бәракәтуһ!

Алла ұстаған оразамызды қабыл етсін.

1. Аузы берік кезде ұйықтап жатып, ғұсылы бұзылған кісінің оразасы бұзылмайды. Өйткені, бұл - оның ықтиярынсыз, өздігінен туындаған жағдай. Бірақ, ғұсылдануы (шомылуы) шарт. (Шомылу - оразаны бұзбайды).

Ұйықтап жатып ғұсылдың бұзылуын «ихтиләм» дейді. Ондай күйге тап болған адамның оразасы бұзылмайтындығы жайында Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: 

«Үш нәрсе оразаны бұзбайды: Қан алдыру (хижама), (еріксіз) құсу және ихтиләм»[1].

2. Бұнымен қоса мына нәрсені де айта кеткен жөн. Ұлы сөздің ұяттығы жоқ, "истимна" оразаны бұзады[2]. Рамазан айынан кейін қазасы өтелуі керек. Кәффарат оразасын өтеуді қажет етпейді[3]. Алайда, бұл – ондай әрекетке жеңіл қараса болады деген сөз емес. Оразаны себепсіз әдейі бұзу - харам. Сондықтан да, аузы берік бола тұра әлгіндей әрекетке бару тек қаза ету үкімін тудырғанымен, оразаны әдейі бұзғаны үшін де күнә істеген болады.


[1] Сүнәну Тирмизи: Китабус саум. №719 хадис.
[2] Истимна - өз-өзін қанағаттандыру арқылы шәуәт (ұрық) шығару. 
[3] Ибн Ғабидин: Хашия – 6/290 бет

Абдусамат Қасым