Ораза кезінде ауыз бен мұрынды қалай шаю керек?
Ораза кезінде ауыз бен мұрынды қалай шаю керек?
7 жыл бұрын 31458

Ораза кезінде ғұсыл аларда ауыз бен мұрынды ораза ұстамаған күндерде сияқты шайқаймыз ба? Қателеспесем, шайқап шаю бұл парыз ғой? Динара

Құрметті Динара, аузы берік адам дәретте болсын, ғұсылда болсын ауызды шайқайтын кезде тамақты шаймайды. Сондай-ақ, мұрынға су алғанда да оны шамадан тыс қатты тартпағаны дұрыс[1]. Өйткені, ішке су кетіп қалу қауіпі басым.

Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: 

«Дәретте мұрынға суды қаттырақ тартыңдар. Бірақ оразада олай істемеңдер (қатты тартпаңдар)»[2].


[1] Әл-Кәсәни: Бадаиъу – 1/210 бет.
[2] Имам Ахмад: Мүснәд - №16035 хадис.; Әбу Дәуід; Тирмизи т.б.

Абдусамат Қасым