Төрт жыл түрлі себептермен ораза ұстай алмадым. Кәффараты қалай өтеледі?
Төрт жыл түрлі себептермен ораза ұстай алмадым. Кәффараты қалай өтеледі?
2 сағат бұрын 142

Сәлеметсіздер ме!

Төрт жыл бойы ораза ұстай алмадым: бала емізу және жүктілік себептеріне байланысты. Кейін денсаулығыма байланысты оразаның қазасын да өтей алмадым. Осындай жағдайда каффаратты қалай өтеуге болады?

Сәлеметсіз бе!

Құрметті сауал жолдаушы!

Сіздің жағдайыңызда кәффарат емес, тек оразаның қазасы өтеледі. Қаза оразаларды бірден толық өтеу шарт емес, оларды бөліп-бөліп өтеуге болады. Мысалы, нәпіл ораза ұстайтын күндері қаза оразаға ниет етіп ұстасаңыз, қазаңыз өтелген болып саналады. Сондай-ақ апта сайын дүйсенбі және бейсенбі күндері қаза оразасын ұстап тұруға да болады.

Сонымен қатар, күз бен қыс мезгілдерінде күн қысқа болатыны белгілі. Күн қысқа уақытта ораза ұстау жеңілірек келеді. Сондықтан қараша мен қаңтар айлары аралығын тиімді пайдаланып, қаза оразаларыңызды жиірек өтеп тұрсаңыз, бірнеше жыл ішінде төрт жылдық қаза оразаларыңызды қиналмай толық өтеуге мүмкіндік бар.

Алла Тағала ниетіңізді қабыл етсін!