Танысым Рамазанның соңғы күнінде Исламды қабылдады. Оразаның қазасын өтейді ме?
Танысым Рамазанның соңғы күнінде Исламды қабылдады. Оразаның қазасын өтейді ме?
8 жыл бұрын 3439

Әссәләму алейкум!!!
Менде сұрақ бар еді. Менің бір танысым Рамазан айы бітуне 2 күн қалганда Исламды қабылдап, мұсылман болды. Енді, ол осы жылғы Рамазан оразасының барлық кундерін ұстау керек пе? Мариям Ильясина

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

«Рамазан айының жарымында кәпір мұсылман болса, айдың қалған күндерін оразамен өткізеді. Ал, өткен күндердің қазасын өтемейді. Сондай-ақ, Ислам дінін қабыл еткен күндегі оразаның да қазасын өтемейді»[1] - дейді Ханафи ғалымы Имам Сәрәхси.  Өйткені, Құран Кәрімнің «Әнфәл» сүресінің 38-аятында былай делінген:

«Кәпірлерге айт: егер, олар жамандықтан тыйылса (кәпірліктен қайтса), өткен нәрселері кешіріледі...»[2].

Ендеше, танысыңыз биылғы оразаның соңғы екі күннің ғана (ұстамаған болса) қазасын өтейді. Одан бөлек, жіберіп алған күндердің қазасын өтемейді.

[Әбу Бәкір Мұхаммад ибн Әбу Сәһл Ахмад әс-Сәрәхси. Ханафи құқық мектебінің  жарық жұлдызы. Ислам тарихында көбіне «Имам әс-Сәрахси» атауымен танымал бұл ғұлама Миләди жыл санауы бойынша 1009 жылы (хижри 400 ж), қазіргі Түрікмен еліндегі Ахал өлкесінің (Ahal welaýaty), Иранмен шекаралас Серахс қалашығынан он бес шақырым қашықтықта орналасқан, бұрын өркениет орталықтарының бірі саналатын, ал бүгінде тек үйіндісі қалған сол кезеңдегі Серахс кентінде дүниеге келген.  Оның ақылдылығы мен білімінің тереңдігіне әрі зеректігіне сай  ұстазы әйгілі Ханафи ғалымы Абдуль Азиз ибн әл-Халуәни оған «Шәмсүль ә’иммә», яғни, «ғұламалардың күн шуағы» деген лақап ат қояды.]


[1] Имам Сәрахси: Мәбсут – 3/80 бет.
[2] Әнфәл сүресі,, 38 аят.

Абдусамат Қасым