Сәресіге тұрмай ораза ұстай берсе бола ма?
Сәресіге тұрмай ораза ұстай берсе бола ма?
2 сағат бұрын 103

Ассалам алейкум! Сәресіні 4-5 сағат бұрын ішіп алса бола ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Сәресіге тұрудың үкімі – мұстахаб, ұнамды әрекет. Оның «мәндуб» яғни, мұстахаб екендігіне қатысты ешқандай ғалым күмән келтірмеген1. Бұл дегеніміз, сәресі ішсеңіз сауап, ішпей, сәресіге тұрмай ниет етіп ұстап кете берсеңіз де күнәсі жоқ. Оразаңыз саналады. Десе де, «Сәресіде береке бар!» деп Пайғамбарымыз (с.а.у) айтқандай, сәресі – денеге қуат, ораза ұстаушыға моральды тұрғыда демеу. Сондықтан да, лаж болса, сәресіні қалдырмай ішіп тұрған абзал.

1Әл-Айни: «Ъумдәтуль Қари шарху сахихиль Бұхари». بأنَّه أمْرُ ندبٍ بالإجماعِ

Абдусамат Қасым