|
Рамазан айында төсек қатынасына түсуге бола ма?
|
Рамазан айында тек күндіз ғана, яғни ауыз берік кезінде төсек қатынасына түсуге рұқсат жоқ. Ауыз берік бола тұра бұл әрекетке әдейі барған жандар рамазаннан кейін 60 күн үзбей кәфарат қазасын өтеуі тиіс.
Ал кешке ауызашар уақытынан кейін төсек қатынасына түсуге рұқсат. Бұның оразаға тиетін кесірі жоқ. Бұл жайында Жаратушы Иеміз Алла Тағала былай дейді: «Сендерге оразаның кешінде әйелдеріңе жақындасу рұқсат етілді. (Өйткені, бір-біріңді қорғауда) олар сендерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер...»[1].
Өзекті сұрақтар
■
«Ұрттап қойған едім, ораза ұстай алам ба?»
■
Рамазанда жарысқа баратын едім. Қандай жеңілдігі бар? Сол күні оразаға ниет етпесем бола ма?
■
Әйел адамның күйеуінің рұқсатынсыз оқыған «нәпіл намазы» қабыл болмай ма?
■
Тарауих намазы қалай оқылады?
■
Алғашқы рет ораза ұстайтын адамдарға қандай кеңес бересіз?