Құрсақтағы бала үшін пітір садақа беріле ме?
Құрсақтағы бала үшін пітір садақа беріле ме?
6 жыл бұрын 9753

Ассаламу алейкум! Пітір садақа құрсақтағы бала үшін беріле ме? Бейбіт.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ереже бойынша, пітір садақасы құрсақтағы бала үшін берілмейді. Берем деушілерге де күнә жоқ. Себебі риуаяттарға қарағанда сахаба Әзіреті Осман (р.а.) іштегі бала үшін өз алдына пітір беретін болған.  

Пітір садақасын беру - әрбір азатты әрі қалталы мұсылманға уәжіп (міндет).Тұрмысы нашар кісіге пітір садақа беру міндет емес. Әйтсе де, сауап үшін пітір садақа берем десе, өз еркі.

Пітір садақаны отағасы өзі үшін және балиғатқа толмаған жас балалары үшін жеке-жеке есептеп береді. Бұнымен қатар, өзінің зайыбының атынан және қамқорындағы кәмілет жастағы ұл-қыздарының атынан да беруіне рұқсат. 

Пітірдің берілу уақыты: 

Әдетте пітір садақасы Рамазан айының бірінші күнінен ораза айтқа шейінгі аралықта беріледі. Түрлі себептермен уақтысында бере алмаған мұсылманға атал­мыш мер­зімнен кейін де беруіне мүмкіндік бар.  

(Биылғы жылы (2021) елімізде пітір садақаның мөлшері адам басына 420 теңгеден деп белгіленді). 

Абдусамат Қасым