Қардың ұшқыны немесе жаңбыр тамшысы абайсызда ауызға түсіп жұтылса, ораза бұзыла ма?
Қардың ұшқыны немесе жаңбыр тамшысы абайсызда ауызға түсіп жұтылса, ораза бұзыла ма?
8 ай бұрын 1396

Ассаламуалейкум уа рахматуллаһ! Қардың бір түйірі байқаусыз ауызға кіріп, түкірік боп, жиналып және оны анығын білмей жұтса ораза бұзыла ма? Жалпы қардың ұшқыны еріксіз тамаққа кірсе бұзылмайды деген пәтәуаны және ауыздағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту бұзады деген де пәтәуны оқыдым. Менің жағдайымда қар тамағыма емес ауызға кірді. Және күмәнданып ұзақ ұстап, жиналған түкірікті жұтып қойдым. Кейін қар жұтса бұзылады дегенді де естідім. Нақтысың айтсаңыз? Бұзылса бұл қаза ма, әлде кәффәрат па? Алла разы болсын!

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ханафи кітаптарында «жаңбыр немесе қар тамаққа жетсе ораза бұзылады, себебі одан сақтануға болады» делінеді. Бұдан біз «қардың ұшқыны немесе жаңбыр тамшысы еріксіз ауызға кірсе, бірақ тамаққа жетпесе, бұзылмайды» дегенді ұғамыз. Ғалымдардың «сақтануға болады» деген сөзі - аузын жауып жүруіне болады дегенді білдіреді. Ибн Нүжейм: «көздің жасында (жаңбыр, қарда) т.б. тамаққа жетулеру негізге алынады...» дейді1. Демек, тамаққа кетуі негіз. Ал абайсызда ауызға кірген жаңбыр тамшысы немесе қар ұшқыны тамаққа жетпей, түкіріп тасталса, оразаға зияны жоқ деген сөз. Ал жұтылса, бір күн қазасы өтеледі. Ал әдейі ауызды жаңбырға не қарға тосып, ауызға түскен жаңбыр мен қарды жұтса, кәффарат өтеу керек. 

Ендеше, сіздің сауалыңыздан түсінгеніміз бойынша, ауызға түскен қар ұшқыны жұтылып отыр, сондықтан да бір күн қазасын өтеп алған жақсы, абайсызда болып отырғандықтан кәффарат қажет емес. Бұған қатысты басқа бір Ханафи фиқһ кітабында былай делінген: «егер аузына бұршақ, қар немесе жаңбыр түсіп, ол оны жұтса, оразасы бұзылады»1 .

Ең дұрысы Аллаға мәлім! 


(1) وَاعْتِبَارُ الْوُصُولِ إلَى الْحَلْقِ فِي الدَّمْعِ وَنَحْوِهِ (Ибн Нүжейм: «әл-Бәхрур-Роиқ»).
(2) 
әс-Сәминәқи: «Хазәнәтуль Фәтуа».

Абдусамат Қасым