Христиандарды рождествомен құттықтауға бола ма?
Христиандарды рождествомен құттықтауға бола ма?
8 жыл бұрын 10291

Қаңтардың 7-де христиандардың мерекесі болады. Осыған орай, оларды құттықтауға бола ма? Жібек

Мұсылман адамның христиан таныстарын Иса Масихтың туылған күнімен (рождествомен) құттықтауы, меніңше, оларға деген сыпайылық пен көркем мәміленің көрінісі болып табылады. Шындығында, оларға осылай сыпайылық танытып, жақсы мәміле көрсетуден Ислам тыймайды...

Ал, кімде-кім, христиандарды рождествомен құттықтауды олардың сеніміндегі Исаның тәңірлік қасиетін мойындау болып есептеледі деп харам санаса, оның бұл тұжырымы қате. Өйткені, оларға сыпайылық танытып, құрмет көрсетумен, олардың шеттен шыққан сеніміндегі егжей-тегжейлі мәселелері арасында ешқандай байланыс жоқ.  

Риуаяттарға қарағанда, ардақты Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) сахабалармен отырғанда жандарынан Яһуди дініндегі адамның өлі денесін (жерлеуге) алып өтіп бара жатты. Сонда, Пайғамбарымыз (с.а.у.) сол мәйітке арнайы орнынан тұрған еді (Сахих Бухари, «әл-Жәнәиз». №1311). Алла елшісінің орнынан тұруы – мәйітке деген құрметі мен сыйы болып табылады. Оның аталмыш әрекетімен, мәйіттің діни сенімі арасында ешқандай байланыс жоқ (яғни, олардың діни сенімдерін мақұлдап, қабылдағандық емес).

Мұсылман адам Ислам үйреткен көркем әдебін, сабырлылығын өзге дін иелеріне де көрсете білуі тиіс...

Ислам Фиқһ маманы, Шейх Мұстафа Зарқа р.а. (1907-1999 ж.)

(«Фәтәуә» атты кітабынан ықшамдап дайындаған: А.Қасым)