Пітір садақаға қатысты екі сауал
|
- Ата-анамның орнына пітір садақасын берсем бола ма?
- Ата-анаңыздың орнына пітір садақасын беру үшін олардың рұқсаты керек. Өйткені, пітір садақада ниет маңызды. Ал, ата-анаңыздың рұқсаты – ниеттің орнын басады. Сондықтан да, алдымен ол кісілерді хабардар етіп барып бергеніңіз жөн.
- Пітір садақа ақшасын үлкен апама берсем бола ма?
- «Апа» деп әжеңізді айтып тұрсаңыз, сіз өзіңіздің пітір садақаңызды әке-шешеңізге, ата-әжеңізге, нағашы ата-әжеңізге, балаларыңызға, немерелеріңізге бере алмайсыз. Өзге нәпіл садақаларды беруге болады. Олардан бөлек, кісі өзінің тұрмысы төмен әпкесіне немесе қарындасына (не сіңлісіне), яки, інісіне, не болмаса ағасына пітір ақшасын бере алады. Қайта, туысқа бергені үшін екі есе сауап алады. Бір есесі – садақа бергені үшін, екіншісі – туысына жәрдем еткені үшін[1].
Алла Тағала берген пітір садақаларыңызды қабыл етсін!
[1] Пайғамбарымыз бұл жайында былай деген: «Міскінге берілген садақа – бір садақа, ал туған-туысқа берілген садақа – екі садақаның орнын басады. Оның бірі – берілген садақаның сауабы. Екіншісі – туыстық байланыстың сауабы». (Имам Ахмәд ибн Ханбәл).