Оразаны үзбей тұту мақсатында хайыз келтірмейтін гормональды дәрі пайдалануға бола ма?
Оразаны үзбей тұту мақсатында хайыз келтірмейтін гормональды дәрі пайдалануға бола ма?
10 жыл бұрын 10031

Хайызды тоқтату үшін кейбір жағдайларда арнайы медициналық препараттар қабылданып жатады. Осы жолмен хайызды тоқтатып, оразасын жалғастыра берсе, ұстаған оразасы есептеледі әрине. Өйткені хайыз кезінде ауыз бекітпеудің себебі – хайыз қанының келуі.  Хайыз қаны келмегендіктен оразасын ұстайды.   

Бірақ әлгіндей дәрілерді ішу деннің саулығына кері әсерін тигізуі әбден ықтимал. Ал дініміз денсаулыққа зиянды заттардан ұзақ жүруді бұйырады. Сондықтан ондай жолға жүгінбеуді кеңес етеміз. Шариғатымызда хайыз кезінде ұстамаған оразаны кейіннен қазасын өтеу мүмкіндігі қарастырылғандығын білгеніңіз жөн.

Абдусамат Қасым