Сәлеметсіздер ме! Рамазан айы мүбәрак болсын! Ұстаған оразаларыңызды қабыл етсін! Менің сұрайын дегенім: Мен аузымды бір сағат ерте ашып қойыппын. Тек су іштім. Сосын досым: «Ерте ашып жатырсың ғой!» дегенде бір-ақ білдім, уақыт әлі кірмепті. Енді не істеймін? Айару Шыңғысова
Оразамды бір сағатқа ерте ашып қойыппын, не істеймін?
|

Сәлеметсіз бе! Алла ұстаған оразаңызға сауаптан жазсын!
Қадірменді Айару, уақытынан ерте ашып қойғандықтан, сол күнгі оразаңыз бұзылғанға есеп. Ондай жағдайда ары қарай еш нәр татпастан толық "ауыз ашар уақыты" кіргенін күтесіз (сіздің жағдайда - бір сағат). Ауыз ашар уақыты кіргеннен кейін, әдеттегідей ауыз ашып, асыңызды ішесіз. Келесі күнгі оразаңызды күндегіше жалғастырып ұстап кете беріңіз.
Ал күн батпай тұрып, ерте ашып қойған сол күнгі оразаңызды Рамазан айы біткеннен кейін (айттан соң) бір күндік қазасын ұстайсыз, кәфәрат қазасын өтеу қажет емес. Өйткені бұл - әдейі емес, қателік себепті жіберілген оқылық. Қателікке тек қаза бар[1].
[1] Тухфатул фуқаһа – 1/363 бет.
Көп оқылғандар

■
Ит немесе қасқыр шапқан малдың еті адал ма, сойып алса?

■
"Асырды өз бетімше оқыдым, кейін имамға ұйып тағы оқыдым. Дұрыс па?

■
Мұсылман адамның басқа дін өкіліне шошқаның етін сатуына бола ма?

■
Құдай тамаққа қойды кредитке алса, қабыл бола ма?

■
Ер адам әйел адамның киімдерін сатумен айналыса ала ма?