Оразаға ниет ету шарт па?
Оразаға ниет ету шарт па?
11 жыл бұрын 8756

Ниет – жасалатын құлшылықтың қабыл болуының алғышарты. Ниетсіз жасалған ғибадат жоққа есеп. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.): «Амалдар ниетке байланысты!» – деп ниеттің маңыздылығын білдірген.

Оразаның да басты шарты – ниет ету. Ниеттің талабы жүректен өткізу болып табылады[1]. Яғни, ораза ұстауға іштей дайындалу. Ал оны тілмен бекіту – сүннет[2]. Оразаға ниет ету уақыты ақшам уақыты мен ертеңгі күннің түс мезгіліне дейінгі аралық[3]. Бұл дегеніміз, кешқұрым не жатар алдында ертеңгі оразаға іштей ниет ету ертеңгі оразаға ниет еткен болып есептеліп, сәресіге тұра алмаса да ауызын бекіте береді. Ал кешкісін ниет етпеген кісі сәресіге тұруды ұмытып кетсе де (аузына нәр алмай) түске дейін сол күнгі оразаға ниет етуіне болады.

[1] Ихтияр – 1/396-398 бет.
[2] Әль-Жәуһаратун Нәиира – 243 бет.
[3] Любаб фи Шархиль Китаб – 1/163 бет. 

Абдусамат Қасым