Оразада тамағымды тұзбен шайсам бола ма?
Оразада тамағымды тұзбен шайсам бола ма?
8 жыл бұрын 16569

Қайырлы түн! Алла разы болсын! Ораза қабыл болсын! Менің сұрайын дегенім, ораза ұстап жүрген едім. Қатты тамағым іріңтеп екі күн болды оразамды аштым. Бүгін таңда бекітсем деген ниетім бар. Екпе (укол) алып жатырмын оған қоса тамағымды тұзды сумен және фурацилинмен шайып жатырмын. Ауызды тұзды сумен жəне фурацилинмен шаюдың оразаға кедергісі бар ма? Алдын ала рахмет. Алла разы болсын, ин ша Аллах! Айгерім

Алла күнімізді де, түнімізді де хайырлы еткей!

Укол тамырға салынатындықтан оразаны бұзбайды. Тамақты шаю мәселесіне келер болсақ, тамақты шаю барысында су немесе дәрі ішке кетіп қалу қауіпі басым болғандықтан, тамақты шаю жол-жосығын сәресі уақыты мен ауыз ашар уақытына қалдырған абзал. Дегенмен, тәукел етіп күндіз де шаямын десеңіз, жұтып қоймау жағына қатты мән берілген дұрыс. Ішке жұтылса, ораза бұзылады. Алла шипасын берсін.

Абдусамат Қасым