«Ораза ұстаушының ұйқысы құлшылық болып саналады» деген хадис бар ма?
«Ораза ұстаушының ұйқысы құлшылық болып саналады» деген хадис бар ма?
7 сағаттан соң 33

Оразада ұйықтаған сауап па?

Мәліметтерге қарағанда, кейбір ескілікті Ислами әдебиеттерде мынадай «әлсіз риуаятты» кездестіруге болады, онда: «Ораза ұстаушының ұйқысы – құлшылық, үнсіздігі – тәспих, сұрауына – жауап беріледі, амалы қабыл». (Бәйһәқи, «шуъаб»).

Бұл риуаятты Ислам ғалымдары бір ауыздан «әлсіз» деп баға берген, тіпті «жалған хадис» деушілер де бар, өйткені, хадисті жеткізушілер тізімінде «сенімсіз» риуаятшылар бар. Соның бірі «Сүлеймен Нахаъи» есімді тұлғаның есімі орын алған екен, ол адам хадис ғалымдары арасында «өтірікші» деген атпен танымал.

Сондықтан да, мұндай риуаяттың шынайылығында күмән бар. «Ислам – қам-қарекеттің, іс-амалдың діні» - дейді Әләзхар ғалымы мархұм Атия Сақар (р.а.).- "Сахабалар ораза кезінде істі, амалды доғармаған. Тіпті Пайғамбар заманында жорықтардың көбі осы Рамазан айында жүзеге асты. Оның басында Бәдір соғысы келеді және Меккенің алынуы да осы Рамазан айында жүзеге асқан еді» дейді Ол (р.а.). Осы жөннен қарағанда Ораза ұстаушының ұйқыға салынуы ғибадат емес, қателік.

Әрине, әдеттегідей ұйқтауға болады. Бірақ сауабы мол болып есептелетін бұл қасиетті айды ұйқымен өткізу қателік болады деп үйретеді ғалымдарымыз. Орнымен ұйықтап, қол боста көбірек құлшылыққа ден қойған жақсы.

Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин! 

Абдусамат Қасым