Сәлеметсіз бе! Танысым бар еді, мұсылман емес. Рамазан айында ораза ұстай ала ма? Әлде шәһәдат айтып Исламды қабылдап, мұсылман болуы шарт па? Томирис.
|
Мұсылман емес кісі Рамазан оразасын ұстай ала ма?
|
Сәлеметсіз бе! Рамазан оразасының парыз болу шарттарының бірі – мұсылман болу. Мұсылман еместің ұстаған оразасы есептелмейді. Ұстаған күннің өзінде, оған оразаның сауабы жазылмайды. Оразасы – шынайы мағынада «ораза» ретінде есептелуі үшін алдымен «шәһәдат» сөзін айтып, тілін кәлимаға келтіруі шарт.
Шәһәдат сөзі төмендегідей:
«Әшһәду әлләә иләәһә иллаллаһ. Уә Әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расулуһ».
Мағынасы:
«Алладан басқа құдай жоқ екендігіне куәлік етемін. Және де Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі (пайғамбар) екендігіне куәлік етемін!».
Өзекті сұрақтар
■
Баланы емізсе, ораза бұзыла ма?
■
Үйдегі адыраспанның тұтатқаннан кейінгі иісі оразаны бұзбай ма?
■
Оразада «капельница» арқылы антибиотик салдыруға бола ма?
■
«Ораза ұстаушының ұйқысы құлшылық болып саналады» деген хадис бар ма?
■
Рамазанда жарысқа баратын едім. Қандай жеңілдігі бар? Сол күні оразаға ниет етпесем бола ма?