Лазерлік терапия кезінде ораза ұстауға бола ма?
Лазерлік терапия кезінде ораза ұстауға бола ма?
3 жыл бұрын 3141

Сәлеметсіздер ме! Лазерлік терапия кезінде ораза ұстауға бола ма?  

Сәлеметсіз бе!

Лазерлік терапия - бұл адам ағзасына бағытталған жарық сәулесінің (лазер) әсер етуіне негізделген дәрілік емес емдеу әдісі. Лазерлік терапия - бұл қарқындылығы төмен лазерлік сәулені қолданатын емдеу әдісі. Бұндай емдеу тәсілінде терінің сыртына лазерлік сәуле бағытталып, одан бөлек дәрі ішке енгізілмейді.

Дінімізде, оразаны бұзады деуіміз үшін ішке бір зат барған болу керек. Ішке бір зат бармаса ораза бұзылмайды. Сондықтан да, лазерлік терапия арқылы ем алу барысында «табиғи жолдардың бірімен» әлдебір зат ішке бармайтындықтан, ораза бұзылмайды деуге негіз бар. Табиғи жолдар деп мыналарды айтамыз: ауыз, мұрын, құлақ, тік ішек, қынап.

Лазерлік терапия мұрын мен құлаққа да жасалуы мүмкін. Ондай жағдайда, құлаққа не мұрынға әлдебір зат құйылмай, тек лазердің өзімен ем-дом жасалатын болса, ораза бұзылмайды. Жарық сәуленің өзі – оразаға кедергі емес. Ендеше, лазерлік терапия кезінде ораза ұстай беруге болады.  

Абдусамат Қасым