Саламатсы ба?! Кешірерсіз, мен бетіме «иглотерапия» алайын деп едім. Бірақ, ораза ұстап жүрмін. Ораза кезінде инетерапия алуға бола ма? Мадина.
|
«Инетерапия» алайын деген едім. Оразамды бұза ма?
|
Сәлеметсіз бе!
Инетерапия (акупунктура, иглотерапия) – дененің сыртқы қабатында орналасқан белгілі нүктелерге арнайы жасалған инелерді шаншу арқылы емдеу тәсілі. Ине құр дененің жұмсақ тіндеріне шаншылып, ол арқылы ішке еш нәрсе бармайтындықтан оразаны бұзбайды. Ауыз берік күйде инетерапиясын қабылдай беруіңізге болады.
Оразаңыз қабыл болсын!
Өзекті сұрақтар
■
Көзге «блефаропластика» жасату дінге қайшы ма?
■
Пітір садақасын киім түрінде берсе бола ма?
■
Оразада ауыздағы жағымсыз иісті кетіретін спрейді қолдануға бола ма?
■
Тарауих "тәспихын" айту бидғат дейді. Тарауихта тәспих айту мәселесіне қатысты дәлел бар ма?
■
Сәресіге тұрмай ораза ұстай берсе бола ма?